«E-STUDIO» орталығының есеп беру концерті болып өтті

«E-STUDIO» орталығының есеп беру концерті болып өтті

Университет қабырғасында осы күні өнерлі өрендердің басын бір арнағы жиған «E-STUDIO»  орталығы.

2018 жылғы 15 мамыр күні орталықтың жыл қорытындысы бойынша есеп беру концерті болып өтті.

Мерекелік кешті тамашалауға университет ректоры Ерлан Бәтташұлы, университет проректорлары, департамент басшылары мен  белсенді, өнерге кұмар студентттер қатысты.

«E-STUDIO» орталығы  вокалдың барлық түрінен өнер көрсететін дарынды жастардың басын біріктірген орталық осы күні университет көлемінде ғана емес, қала, республика көлемінде өнер көрсетіп, түрлі деңгейде өз бағын сынауда.

Бұл орталық «ENUVISION», «ЕУРАЗИЯ ДАУЫСЫ», сынды ірі жобалардың бастамашысы болып, мыңдаған жұлдыздың жануына, өзіндік тұрғыдан дамуы үшін атсалысып келе жатыр.

Көрермендердің қызу қолдауын тауып, өз тыңдармандарының жүрегінен орын таба білген орталық ұжымы нағыз дарынды және талантты жастарды біріктіре білді.

  • «Біз , «E-STUDIO» әншілері – бүгінде бір отбасыдай ұйыған, бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан шағын отбасымыз. Бұл отбасының өзіндік заңдары мен ережелері, тәртібі мен ерекшеліктері бар. Осы бір қазықтай қадалған қастерлі ұғымдар арқасында университетіміздің абыройына дақ түсірмей, туымызды биікте ұстап, тік жүрер деңгейге жетті», – дейді орталық әншілері.

«E-STUDIO»  әншілерінің болашағы жарқын, ертеңі кемел!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *