2017 жылдың 30 қарашасында БҰҰ Бас Хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі…

2017 жылдың 30 қарашасында БҰҰ Бас Хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі…

2017 жылдың 30 қарашасында БҰҰ Бас Хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жасыл экономика» тақырыбында дәріс оқыды.

Айта кету керек, Нобель сыйлығының иегері Астанаға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының таныстырылымына қатысу үшін келген. Кеңесшінің айтуынша, Қауымдастықтың бірінші отырысы желтоқсан айының басында Елордада өтетін көрінеді.
БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі Еуразия ұлттық университетіне келген сапары барысында «Түркі жазуы» мұражайын аралап, тарихи-танымдық жәдігерлермен танысты. Жасыратыны жоқ, мұражай шетелдік мейманға қатты ұнады.
— Мен өте қайран қалып тұрмын, өйткені Астанадағы университет мұражайынан өзіміздің кәріс мәдениетінің түп тамырын көрдім. Сіздерге корейліктер Орал-Алтай этникалық тобына жататындығы туралы қуанышпен айтқым келеді, — деді Рае Квон Чунг.
Нобель сыйлығы лауреатының дәрісі алдында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы сөз алып, жиналаған қауымды ректор Ерлан Бәтташұлының атынан 1 желтоқсан – Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады және шетелдік қонаққа ЕҰУ-дің негізін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалағанын жеткізді.
Нобель сыйлығының иегері дәріс оқу барысында біздің өркениетіміз дамудың жаңа кезеңіне шықанын, сондықтан даму парадигмасын жаңаларына ауыстыруға тура келетінін, бұл ең алдымен, адамзаттың қоршаған ортаға қатысты екенін баяндады. Сонымен қатар табиғат өндіріс үшін ресурстардың көзі болып табылатынын, бірақ бизнеспен айналысатындар табиғи ресурстарға ең төменгі баға төлейтінін де жасырмады.
Кездесу соңында «жасыл экономика» идеясы үшін белсенді студенттердің сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсіп тарқасты.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *