«ШАҢЫРАҚ» СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫ СОЧИДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

«ШАҢЫРАҚ» СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫ СОЧИДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Білім ордамыздың «Шаңырақ» студентік театры 2018 жылдың 6-13 мамыр аралығында Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің бас маманы Жамбыл Тілеповтың жетекшілігімен Сочи қаласында өткен ІХ халықаралық «Пространство юных» атты тәуелсіз театрлардың байқау-фестивалінен жүлделі оралды.

Байқауға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясынан бас аяғы 15 театр ұжымдары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Шаңырақ» студенттік театры «Қойылымның пластикалық шешімі» және «Музыкалық көркемдеу» номинацияларымен марапатталып, сондай-ақ, театр артисі Елемес Ерболат «Фестивальдің алтын дауысы» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, театр ұжымы байқаудың «І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМЫН» қанжығаға байлады.
Байқауда театр ұжымы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесасын сахналады.

Режиссеры – халықаралық театр фестивальдерінің жеңімпазы, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қ.Қасымов.

Көркемдік жетекшісі – Жастар саясаты бөлімінің бас маманы Ж.Тілепов.

Директоры – Сәулет және құрылыс факультетінің 2 курс студенті Ж.Садықов.

  

Шаңырағымыз әрдайым шарықтай берсін,
Қыран құсымыз көкте қалықтай берсін,
Көрерменіміз қойылымды жалықпай көрсін!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *