«Ұлы Дала жастары» бағдарламасы талқыланды

«Ұлы Дала жастары» бағдарламасы талқыланды

«Ұлы Дала жастары» бағдарламасы талқыланды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен барлық ЖОО-ларда «Ұлы Дала жастары» кіші бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Жобаның мақсаты – студент-жастардың жеке қабілеттілігін арттыру, ғылыммен, жеке кәсіппен айналысуына және ағылшын тілін меңгеруге жағдай жасау, сонымен қатар, ағылшын тілінде шетелдік басылымдарда мақалалар жариялау.
Аталған жобаны талқылау, кеңінен түсіндіру мақсатында 24kz телеарнасы «Бастау керек» ток-шоу бағдарламасының ұйымдастыруымен өткен шараға университетіміздің Жастар саясаты бөлімінің бастығы Рүстем Әлқожа қатысып, жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндап, сұрақтарға жауап берді.
Рүстем Әлқожа, өз сөзінде – қоғамда және саяси шешімдерде жастар рөлінің нығаятындығын, олардың белсенділігінің артатындығын және ғылыми журналдарда ағылшын тіліндегі басылымдар санының көбейетіндігін, сонымен қатар, 2018-2022 жылдар аралығында барлық ЖОО-ларда интеллектуалды клубтар мен стартап-жобалар алаңының, ағылшын тіліндегі клубтар саны артып, осы көрсеткіштер арқылы студенттерді «Ұлы Дала жастары» бағдарламасына тартатындығын хабарлады.
Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінде көптілділік бағдарламасы бойынша бірнеше академиялық топтың және арнайы шақырылған шетелдік профессорлар арқылы ағылшын тілі клубының ашылып, студенттер мен қызметкерлерді үйрету бойынша жұмыс атқарылып жатқандығын мәлімдеді. Осы тәжірибе негізінде басқа да ЖОО-лар аталған жобаны жүзеге асыратындығын атап өтті.
Бұл бағдарламаның нәтижесі – әрбір университет жергілікті әкімдікпен бірлесіп қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ірі компанияларды (мысалы, құрылыс, IT, т.б.) бизнес-инкубатор жобаларына тартып, дайын мамандарды шығаруға жетелейтіндігін жеткізді.


Обсуждалась программа «Ұлы Дала жастары»

В рамках программной статьи Главы Государства Н.А.Назарбаева «Духовная модернизация: взгляд в будущее» по инициативе Министерства образования и науки во всех ВУЗах начала свою деятельность программа «Ұлы Дала жастары».
Цель проекта – повышение личных способностей молодежи и студентов, обеспечить условия для занятия личным бизнесом и английским языком, а также возможность публикации в зарубежных изданиях.
Для детального обсуждения и конкретного объяснения на мероприятии, организованном ток-шоу программой «Бастау керек» телеканала 24kz участвовал руководитель отдела молодежной политики Рустем Алкожа. Он, в свою очередь, отвечал на интересущие многих вопросы и делился проводимыми мероприятиями.
В своих словах, Рустем Алкожа, выразился, что в скором времени роль молодежи в обществе и политических вопросах станет выше и число публикаций на английском языке в научных журналах увеличится, а также в 2018-2020 годы во всех ВУЗах будут начаты работа стартап-проектов и интеллектуальных клубов, число клубов на английском языке возрастет, с помощью данных показателей студенты будут привлечены к программе «Ұлы Дала жастары».
Сегодня в Евразийском национальном университете по программе полиязычия были открыты несколько академических групп и с помощью приглашенных зарубежных профессоров клубы английского языка, проводится обучение студентов и сотрудников. На основе данной практики другие ВУЗы также отметили, что будут осуществлять в жизнь данный проект.
«Результат данной программы: каждый университет совместно с местным акиматом будет привлекать компании, где имеются востребованные профессии (например, строительство, IT) к бизнес-инкубатору и будут готовить специалистов» – выразился Рустем Алкожа.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *