Қаламгер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың «Қонаевтың 12 қасиеті»  атты зерттеу мақаласы негізінде дәрісі болып өтті.

Қаламгер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың «Қонаевтың 12 қасиеті» атты зерттеу мақаласы негізінде дәрісі болып өтті.

2018 жылғы 24 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен қаламгер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың «Қонаевтың 12 қасиеті»  атты зерттеу мақаласы негізінде дәрісі болып өтті.

1970 жылдан бері Д.Қонаевты зерттеп, халыққа танытып келе жатқан Ораз ағамыз дәріс барысында Қонаевтың қазақ халқы үшін жасаған жақсылығын жіпке тізгендей қылып айтып берді.

Ораз Қауғабай зерттеу барысында  Дінмұхаммед Қонаевтың өмірінде және қызметінде «2», «12», «22» деген сандарға байланысты тылсым, сыры жұмбақ жағдайлар өте көп екенін байқаған. Дінмұхаммед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді. 82 жасына қараған шағында 1993 жылы 22 тамыз күні дүние салған.

«Қонаевтың 12 қасиеті» деген зерттеуі осы сандарға байланысты десек артық емес. Ол кісінің еңбек жолында, қызметінде де «2» деген санның орны ерекше болған. Оған дәлел 1942 жылы комбинат бастығынан бірден «совмин» төрағасының орынбасары болып тағайындалуы, 1952 жылы Академия президенттігіне сайлануы, 1962 жылы 12 айда Хрущевке қарсы келіп, бірінші басшылық қызметтен кетуі.

  • Қонаевтың бірінші қасиеті бойында әл-Фарабидың бойындағы даналықтың 12 қасиетінің болуы.
  • Екінші қасиеті туралы дана ол адам «өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан- жақты тез ұғып алатын аса зерек болуы керек» болуы.
  • Үшінші қасиеті туралы әл-Фараби былай дейді: «Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болсын» — дейді.
  • Төртінші қасиет туралы былай делінеді. «Бірінші басшы терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі шешен болуы шарт».
  • Кемеңгер басшының бесінші қасиеті «ғылым-білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болуы керек» екен.
  • Кемеңгер елбасының алтыншы қасиеті жөнінде ұлы философ: «Тағамға, ішімдікке, сайран-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек» — дейді.
  • Жетінші қасиетте Қонаев барлық жағынан қанағатшыл болып, көзінің тірісінде шын әулие атанды. Жетінші қағидада айтылғандай Димекең «жаратылысынан сауық құмарлықтан аулақ болды».
  • Сегізінші қағидада кемеңгердің шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы жөнінде айтылады.
  • Тоғызыншы қағидада жазылғандай Қонаев «жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам» еді.
  • «Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс» деп оныншы қағидада айтылғандай Димекең игі істердің ұйтқысы, жасампаздықтың жолбасшысы еді.
  • Әл-Фарабидің он бірінші «қағида-қасиетінде» «Әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын» деген жолдар дәл Димекеңнің өзіне арналып айтылғандай әсерде қалдырады.
  • Әл-Фарабидің он екінші қағидасында, яғни басшы қасиеті жөніндегі тәмсілінде мынадай жолдар бар: «Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер- шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет» дейді. Бір қызығы бұл қасиеттердің барлығы Дінмұхаммед Қонаевтың бойында болған.

 

Ораз Қауғабайдың бұл дәрісі жастарға ой салып, Қонаев туралы қызықты ақпарат алуға көп септігін тигізді деп ойлаймыз.

Дәріс соңына қарай тындаушы жастар Ораз ағамыздан Қонаев туралы қызықтырған сұрақтарына жауап алып, естелік суретке түсумен аяқталды.

 

 

0

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *