Шымкенттегі сапар жалғасуда…

Шымкенттегі сапар жалғасуда…

Еуразия ұлттық университетінің «Менің елім» жобасы аясында Қазақстанның аймақтарын, соның ішінде алғашқы сапар – «Қазыналы Оңтүстікте» саяхаттап жүрген жастар 17 қараша күні Оңтүстік өлкенің орталығына айналған шырайлы қала — Шымкентте екінші күнін өткерді. Елбасы мақаласын көз жүгірте оқып, санаға сіңіріп, əріде оны жүзеге асырып жүрген бұл студент-жастар Шымкент қаласындағы екінші күнін қаланың ішкі тынысымен, жоғарғы оқу орындарын аралаумен, тағы өзге қызықтармен өткерді.
«Атың барда желіп жүріп, жер таны» демекші, осы уақытқа дейін біршама тарихи ескерткіштерді, көптеген киелі мекендерді, қасиетті орындарды көзбен көріп, көкірекке түйіп, байқап жүрген студент-жастар, бұл жолы өзгеше сапарға, басқаша саяхатқа куə болды.
Сөзіміздің дəлелі ретінде, ел аралаушы жастар, алдымен М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне бет бұруын тілге тиек етпекпіз. Əуелі Қазақстан бойынша үшінші орынды алатын, кейінгі Шымкент қаласындағы ең белді оқу орны саналатын бұл білім ордасының негізі 1943 ж. қаланыпты. Осы сынды тəлімі мол тарихпен, мəліметпен сусындап, білім шаңырағындағы мұражаймен танысты. Мұражайдағы құнды деректерді оқып, бағалы дүниелерді көзбен шолды. Лебіз кітабына ЕҰУ-дың жалынды жастары атынан қолтаңба қалтырды.
Біршама дерек-ақпаратпен қаныққан студенттерді ары қарай, ОҚМУ жастар бөлімі, белсенді студенттер көтеріңкі көңіл-күймен, жылы лебізбен, атап айтсақ, арнайы концерттік бағдарламамен өрбітті. Арнайы кештің басы университет ректоры Ж.Ү.Мырхалықовтың атынан ЕҰУ белсенді студенттеріне, сондай-ақ бағдар беруші жетекшілеріне алғыс хатты оқу ісі жөніндегі проректор Байболатов Қанат Сейтжаппарұлының табыстаумен басталды. Сəйкесінше, біздің ұжым атынан, ректорымыз Ерлан Бəтташұлының ықыласынан, аты мəшһүр оқу орнына, университетіміздің аты Лев Гумилевтің энциклопедия кітабы, елорда һақындағы һəм ректорымыздың «Mangi El» журнал басылымы табысталды. Ресми бөлім əрі қарай жалғасын құлақтан кіріп, бойды алар əсем əнмен, «Дала сазы» шығармашылық бірлестігінің мүшесі Махметов Темірланның жан тебірентер күйімен жалғасты. Арнайы дайындалған бұл концерттік бағдарлама қорытындысы, екі жақтың, нақтырақ айтсақ, Астаналық Нұрқанат пен Шымкенттік Нұржанаттың айтысымен аяқталды.
ОҚМУ білім ордасынан, бойын өзгеше сезім билеп шыққан студенттер, қаланы аралап, бұрын білмеген жерге аяқ басып, өлкенің тыныс-тіршілігімен етене жақын танысты.
Кеш соңы, университет ағаларының жəне жалынды студент-жастардың ұйымдастыруымен жайылған арнайы дастарханмен түйінделді. Бейресми кездесу барысында екі жақ бір-біріне ризашылығын білдіріп, қағытпа қалжың, əдемі əзіл айтып, əн мен күй, арнау шырқап, естелік фотоға түсті. Соңғы сəтке дейін, ізгі ниетпен шығарып салған, Шымкент қалалық жастар департаментіне, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне, белсенді студент-жастарына алғыс білдірген саяхаттаушы студенттер, ары қарайғы сапарын тарихи өлке Таразға аттанумен жалғастырды.

Молодые люди, путешествующие по южным регионам Казахстана, в рамках проекта «Моя страна», провели свой второй день в красивом городе – Шымкент. Эти студенты, прочитавшие статью Главы Государства, сумели впитать ее в себя и осознать всю важность идеи. Они познали внутреннее дыхание города, посетили высшие учебные заведения и другие интересные месте.
Если до этого они получили возможность повидать различные исторические достопримечательности, то в этот раз их ожидало нечто иное. То есть первым делом они посетили Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова. Данное учебное заведение, которое является главным в этом регионе, было основано в 1943 году. А также активисты посетили музей, который находится в университете. Они ознакомились с ценными имуществами, нужной информацией. Студенты ЕНУ оставили теплые слова в книге пожеланий. Для наших обучающихся, которые познали много интересной информацией, далее ожидал специальный концерт с веселой программой, теплым приемом. Специальный вечер, подготовленный для студентов был начат с того, что от имени ректора университета проректором по учебной работе К.С.Байбулатовым были вручены Письма благодарности активным студентам ЕНУ, а так же иx руководителям. Соответственно, от имени нашего ректора Е.Б.Сыдыкова была подарена книга Льва Гумилева, а также издание журнала «Mangi el». Официальная часть программы была продолжена прекрасной музыкой, исполнил кюй член творческого объединения «Дала сазы» Махметов Темирлан. Концертную программу завершили айтысом между нашим сотрудником и студентом ЮКГУ им. М.Ауэзова. В конце встречи для гостей был подготовлен дастархан. Стороны благодарили друг друга, фотографировались на память. Представители Евразийского национального университета выразили огромную благодарность ЮКГУ им. М.Ауэзова, студентам-активистам, и направились в исторический город – Тараз.

0

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *