Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

Туған жер тұнған тарихын асыл мұраға теңейтін ЕҰУ-лық жастар Қызылодадан кейін ат басын киелі мекен — Түркістанға бұрды. Қазақылықтың иісі аңқып тұрған бұл шаһар дəстүрді дəріптеп, ұлтты ұлықтаумен қатар өздерінің қонақжайлылығымен көзге түсті. Түске таман қалаға жеткен студенттер киелі жер — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, қасиетті орынға зиярат етті. Пəлсапашы һəм ақынның өмірбаянымен, тылсымға толы тарихпен, мол мағлұматпен сусындады.
Уақыт жылжи түсе, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне бас сұғып, бірнеше оқу ғимараты, кітапхана, мəдениет сарайымен танысты. Түркістандағы іс-сапар соңы студенттердің ой-пікір алмасқан конференциясымен аяқталды.


Туркестан – духовная столица тюркского народа

Студенты ЕНУ, которые ценят историю нашей родины, после Кызылорды приехали в священный город Туркестан. Этот город запомнился нам не только богатыми национальными традициями, но и своей гостеприимностью. Студенты, приехавшие сюда, сразу же посетили святое место — мавзолей Ходжи Ахмета Яссави. Узнав про таинственную историю жизни великого поэта, они впитали в себя много новой информации. Чуть позже, студенты посетили Международный казахстанко-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Яссави и познакомились ещё с несколькими учебными зданиями: библиотекой и Дворцом культуры. Экскурсия в городе Туркестан окончилась студенческой конференцией.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *