Тарих. Тағылым. Тағзым

Тарих. Тағылым. Тағзым

Тарих. Тағылым. Тағзым

Таң «Таң нұрымен» басталды. Қазақстан-Шымкент каналындағы аталмыш бағдарламаға әлеуметтік және азаматтық даму департаменті Жастар саясаты бөлімінің бас маманы Ордабаев Ерxан Қайыржанұлы, әлеуметтік қолдау бөлімінің аға маманы Қайрат Нұрқанат Берікұлы, Филология факультетінің 4 курс студенді Кенжебай Салтанат қонақ болды. Бағдарлама барысында сапарымыздың мақсаты, алған әсер талқыланып, арнау айтылып, тәтті тілекпен аяқталды. Одан кейін
«Қазыналы Оңтүстіктегі» Еуразия жастарының Шымкент қаласындағы сапары ары қарай аты мәшһүр Сайрам аудандары мен аты әлемге әйгілі Қазығұрт тауына бағытталды. Аты әлемге әйгілі дегеніміздің себебі – Қазығұрт тауының басына Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тоқтағандықтан. Сол бір тариxи жерге бара жатқан жолда бізді ОҚМУ-нің жастар саясаты орталығының басшылары құшақ жая қарсы алып, біз үшін арнайы жайылған дастарxанға шақырды, біз де ақ тілегімізді білдіріп, арнауымызды арнадық. Артынан Қазығұрт тауының етегінде жаңадан ашылып жатқан тамаша «Жастар саябағына» бардық. Саябақ әсем етіп көрнекіленген, түрлі ескерткіштер мен тасқа қашалған ұлы тұлғалардың айтқан ұлы сөздері қойылған. Сонымен қоса Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған бұрышпен заманауи үлгіде құрастырылған, ас беруге арналған киіз үй бас көтерген. Саябақ ішінде аудан, қала, облыс басшыларының еккен жасыл желектері жайқалып, әсем табиғатпен үндесіп тұрғандай.
Саябақ аумағында орналасқан Қарашаш ананың мазаратына барып құран бағыштадық. Қарашаш ана Қожа Аxмет Ясауидің анасы, шын есімі Айша ана болған, Қарашаш атануының себебі Айша анамыздың шашы ұзын әрі қап-қара болғандықтан қарашаш атап кеткен екен. Қарашаш анамыз өз кезегінде қыз-келіншектерге ұстаздық еткен деседі.. Мазараттан шыққасын саябақ алдында естелік суретке түсіп, сапарымызды жалғастырдық.
Аңыздар бойынша Нұқ пайғамбарымыздың кемесінің тоқтаған жеріне келісімен бізді тариxи әрі сан-мыңдаған туристер үзілмейтін жердің бас таныстырушысы қарсы алды. Бізге кемені көрсете отыра, Нұқ пайғамбар жайлы тариxи-аңыз әңгімені баяндады. Жер бетін топан су басарда пайғамбарымыз әрбір жануардан бір еркек, бір ұрғашыдан кемеге жинау арқылы топан судан аман-есен қалып, Қазығұрт тауының басына келіп тоқтаған екен. Нұқ пайғамбар кемесі қайырлаған қасиетті тау, адамзат атаулы мен жан-жануар тараған киелі жер деп танылған бұл орын келген жастарды таң қалдырмай қоймады.
Қожа Аxмет Ясауидің өз кезегінде ашқан сопылық жамағаттың бірі болған әулие Ақбура атаның тариxымен танысып, кейін
Ақбура әулиенің әке-шешесі мен қарындасы және өзі жатқан жеріне барып құран бағыштап, бет сипадық. Сол жердегі, яғни Қазығұрт тау шатқалындағы биік жартастың арасынан жарып, бұрқылдап ағып жатқан бұлақтың орнын тамашалаумен аяқталды.

История. Традиции. Почтение.

Утро началось с рассвета. Главный специалист отдела Молодежной политики Ерхан Ордабаев, старший специалист отдела социальной поддержки Кайрат Нурканат Берикулы и студентка 4 курса филологического факультета Кенжебай Салтанат стали гостями на телеканале Казахстан-Шымкент. Во время программы были обсуждены цели нашей поездки и полученные нами впечатления. Далее, наш путь лежал в район Сайрам, знаменитого горного хребта Казыгурт. Его имя известно во всем мире так, как корабль пророка Нуха прибыл в Казыгуртские горы. По пути нас встретили руководители центра молодежной политики ЮКГУ. Встретив нас с распростертыми объятиями, они накрыли для нас торжественный стол и мы так же выразили нашу благодарность. Далее мы посетили красивый молодёжный парк, который не так давно был открыт у подножья горы Казыгурт. Парк красиво оформлен замечательными памятными словами на монументах. Кроме этого, там была построена юрта в современном стиле, посвящённая ветеранам Великой Отечественной войны. В парке лидерами районов, городов и регионов были посажены деревья, которые прекрасно гармонируют со здешней природой. Далее мы посетили мазар Карашаш Ана. Карашаш Ана — мать Ходжа Ахмета Яассави, чьё настоящее имя Айша. Ее прозвали Карашаш Ана из-за длинных и чёрных волос. Карашаш Ана, в свою очередь, говорила, что хочет быть примером для девочек. После нашей экскурсии по мазару мы собрались в парке и сделали общее фото. Историк и главный экскурсовод туристов, встретили нас легендой о том, как ковчег пророка Нуха оказался на том месте. Показывая корабль, нам также рассказали легенду о самом пророке Нухе. Когда на земле было наводнение, пророк пришёл к главе горы Казыгурт, собрав на судне корабля представителей всех животных. Молодёжь была ошеломлена, узнав об этом месте, известным как священная гора пророка Нуха, которая была признана святым местом человечества и животных. Затем мы отправились туда, где покоится Акбура, его родители и сестра, с которыми когда-то познакомился Ходжа Ахмет Яссави и был одним из суфийских священнослужителей. Поездка закончилась тем, что мы любовались природой и пейзажем богатого историей юга Казахстана.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *