ТАРИХ БЕЛГІЛЕРІ – ТӨРІМІЗДЕ!

ТАРИХ БЕЛГІЛЕРІ – ТӨРІМІЗДЕ!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын дәріптеу мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 18 сәуір күні коллекционер Қайырбек Рамазановтың «Тарих белгілері – төрімізде!» атты төсбелгілер көрмесі өткізілді.

Қайырбек Рамазанов 1942 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының азаматы. Оның бұл төске қадайтын төсбелгілерді жинаумен  айналысып жүргеніне биыл тура 50 жыл болыпты. Қайырбек Рамазановтың жинаған жиынтығының құрамына сонау кеңес заманында бастау алған октябряттар төсбелгісінен бастап, комсомол, партия, ұлы отан соғысы, еңбек, ардагерлер, спортшылар, әртүрлі ұйымдар, мерейтойлар, қазақтың ақын жазушылары мен билері, хан сұлтандары, батырларының белгісі белгіленген төсбелгілердің жиырма мыңға жуық түрін кездестіруге болады.

«ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесінің белгілері мен түрлі павильондардан алынған төсбелгілерде Қайырбек ағаның жиынтығында кездеседі.

Көрмеге арнайы келген студенттер, Қайырбек Рамазановтың бұл еңбегіне таңданыстарын білдіріп, қызығушылық тудырған сұрақтарына жауап алды. Рухани жаңғырып қалған жастар ата – бабамыз таққан төсбелгілерді көзімен көріп, Қайырбек ағамызға алғастарын білдірді!

Еуразия ұлттық университеті басшылығы да Қайырбек Рамазановтың жиынына естелік ретінде Университеттің төсбелгісін тарту етті!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *