Сегодня в зале заседаний библиотеки университета состоялась лекция академика НАН РК

Сегодня в зале заседаний библиотеки университета состоялась лекция академика НАН РК

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған дәстүрлі «Елдік дәрістер» аясында бүгін Университет кітапханасының Мәжіліс залында ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы ҚАСҚАБАСОВТЫҢ «Дәстүр және рухани өмір мәселелері» тақырыбындағы дәрісі өтті. Шараға университетіміздің барлық факультеттерінен студенттер қатысып, зерделі әңгімеден сусындады. Кездесуде қазақ жігіттері мен қыздарының рухани тәрбиесі, Отан алдындағы борышы сөз болды. Бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өскен азамат қандай болуы керек, оның бейнесі, өмірге көзқарасы, парыз бен борыш мәселелері бүгінгі дәрістің негізгі тақырыбына айналды.

Сейіт Асқарұлы: «Қазақтың қыз-жігіттері әрдайым үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете білген. Қазақи тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Руханилық – адамзаттың ішкі жан дүниесінің баға жетпес көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінезі, ар-ұяты, сана-сезімі мен қарым-қатынасы жатыр. Болашақ жастарымыздың адамгершілік пен рухани тәрбие алуы үшін бала кезден жақсылыққа бейімдеу керек. Бұл – ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Кішкентай кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, жаман әдеттерден аулақтатып, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. Сондықтан қыз бала әрдайым өзінің болашақ жар, келін, ана екенін ескеріп жүрсе, ал ер бала отбасының ұйытқысы, тіреуі екенін ұмытпауы керек. Өйткені ұл бала – қазақ халқының намысы болса, қыз бала — ар-ожданы, ұяты. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды».

Кездесу соңында Сейіт Асқарұлы Қасқабасов студенттерге ризашылығы ретінде бірігіп суретке түсіп, түйткілді мәселелер қозғалған дәрісін түйіндеді.

В преддверии Дня Первого Президента и Дня Независимости в рамках традиционных лекций «Елдік дәрістер» сегодня в зале заседаний библиотеки университета состоялась лекция академика НАН РК, доктора филологических наук, профессора Сеита Аскаровича КАСКАБАСОВА под названием «Традиции и вопросы духовной жизни». Присутствующие студенты со всех факультетов прослушали лекцию профессора, задавали интересующие их вопросы. На встрече говорилось о нравственном воспитании молодежи, о долге перед Родиной. Каким должен быть человек, получивший традиционное воспитание, его облик, взгляды на жизнь – все это стало темой для беседы на данной встрече.

Сеит Каскабасов: «Казахские парни и девушки всегда чтили предков, помогали младшим. Цель казахского воспитания – воспитать культурных, умных, трудолюбивых, совестливых, духовно развитых, здоровых людей, любящих свою Родину. Духовность – показатель души человека. В ее основе лежит характер, честь, мысли и отношения людей. Для нравственного воспитания наших детей необходимо с детства прививать их любовь к добру. В первую очередь, это – уважение к старшим, к посторонним личностям и окружающей среде. Придавая большое значение судьбе будущего поколения, наш народ никогда не оставлял без внимания воспитание девочек, воспитание невесток. «Нация образуется из потомков», — этого принципа он придерживался всегда. Именно поэтому он растил дочерей в любви и заботе, всячески оберегал. Поэтому нельзя забывать, что дочь – это будущая жена, мать, а сын – опора. Ребенок, получивший правильное воспитание, никогда не заставит краснеть родителей за себя».

В конце встречи Сеит Аскарович Каскабасов выразил благодарность студентам, а также сделал совместные фотографии, таким образом завершив лекцию, на которой было сказано много чего полезного для нынешней молодежи.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *