Сапарымыз соңына жетті

Сапарымыз соңына жетті

Сапарымыз соңына жетті
Қарашаның 18-ші таңын тарихы терең Тараз шаһарын көруге деген құштарлықпен əрі сапардың соңғы күні болғандықтан қимастықпен бастадық. Қалаға түнгі 3-терде келсек те, жылы шыраймен қарсы алды. Таңертеңгісін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде дөңгелек стол форматында шағын конференция өтіп, студенттермен пікір алмасып, университетіміздің атынан Нұрқанат Қайрат арнауын арнап, тағы да бір тамаша отырысты аяқтадық.
Жанға жайлы дəмханадан таңғы ас ішіп алысымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы мұражаймен танысуға бардық. Бұл мұражай өзгелерден ерек екен. Мұражай бірнеше бөлімдерге бөлінген, олардың ерекше біреуі басқа ешбір оқу орнында болмаған студенттердің дипломдық жұмыстары іріктеліп қойылған екен, əдеттегідей дизайн емес, құрылыс факультеті студенттерінің өз қолдарымен істеген қолөнер бұйымдары және.т.б. бар.
Ары қарай сапарымыз қала көрінісі алақандағыдай көрінетін қырдың басында орналасқан Тектұрмас əулие кесенесіне барып, діни-аңыздарын тыңдап, құран бағыштаумен жалғасты.
Артынша қала орталығында орналасқан «Көне тараз» тарихи-мəдени орталығына бас сұғып естелік суретке түстік. Содан кейін махаббат тарихы ерекше қос ғашықтар Қарахан баба мен Айша бибі кесенелеріне барып зиярат етіп қайттық. Сонымен тарихи Тараз шаһарындағы сапарымыз өз аяғына жетті.

Жолға шығарда əрбір студенттің ойында ұзақ жол жүреміз, шаршаймыз, сабағымыз не болар екен деген жəне ең қызығы бара жатқан белсенді жастардың барлығы оңтүстіктен өзге өңірлерден болғандықтан, сол бір оңтүстік жайлы қалыптасып қалған стереотиптер қызық болды. Бірақ жолға шығысымен бір-бірімізге үйренісіп, ой бөлісіп, өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары тұратын рухани жаңғыру жолын бастап кеткенімізді сезіне бастадық. «Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра», — дегендей сапарымызға ала шыққан қасиетті домбырамыздың сыңғырлаған даусы құлағымыздың құрышын қандырып бар сапар бойы бір үзілмеді. Бұл да өз алдына рухани жаңғырудың бір бөлігі іспеттес. Əрбір қалаға бара отырып, тарихи жерлерінен бөлек адамдарымен жақынырақ танысып, оңтүстіктің қонақжайлылығына тамсанып, көптеген достар тауып біршама стереотиптерді де жойғандаймыз.
Адам тəні азық қалай қажет етсе, жаны да солай қажет етеді, осы сапарда бар тұнып тұрған тарихты көзімізбен көріп, қолымызбен ұстау арқылы рухани жаңғырдық.
Путь подошел к концу
Утро 18 ноября было начато с огромным желанием посетить последний город нашей поездки – город Тараз. Студенты прибыли в 3 часа ночи, однако город встретил их с распростертыми объятиями. Утром в Таразском государственном университете им.М.Х.Дулати прошла мини конференция, где велась беседа, а старший специалист Нурканат Кайрат посвятил арнау присутствующим.
После того, как молодежь позавтракала в местном кафе, направились в музей в главном корпусе ТарГУ им. М.Х.Дулати. Этот музей оказался необычным: он разделен на несколько частей, в нем присутствуют дипломные работы студентов, а также дизайн не как во многих музеях, студенты строительного факультета разместили свои рукоделия.
Далее путь направили к мавзолею Тектурмас, который расположен на юго-восточной окраине города, студенты послушали притчи на религиозные темы, читали Коран душам предков.
Затем мы направились в историческо-культурный центр «Древний Тараз», расположенный в самом центре города. После чего активисты решили посетить мавзолей двух влюбленных Карахан баба и Айша биби. Так и завершилась недельная поездка студентов ЕНУ им.Л.Н.Гумилева.
По пути на юг студентами овладевали разные мысли вроде усталости, боязни долгой дороги, беспокойства насчет учебы. Самым интересным было стереотипы, укоренившиеся в сознании студентов, так как они все были не из южных районов. Однако в пути они сблизились, оставили все свои волнения позади. Весь путь их не утихал звук домбры, а также сопровождали музыка, танцы. Молодежь духовно обогатилась, познали другие эмоции. Посещая каждый город, они ближе знакомились с местным народом, нашли новых друзей, разрушили все неправильные стереотипы.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *