Ректор Ерлан Сыдықовтың білім ордамыздың белсенді жастарымен кездесуі болды

Ректор Ерлан Сыдықовтың білім ордамыздың белсенді жастарымен кездесуі болды

2018 жылғы 15 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің  №5 ОЗҒ – да  университет ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың студенттермен еркін форматта кездесуі болып өтті.

Бұл жолғы кездесуге биылғы оқу жылында жетістікке жеткен, атап айтар болсақ Чеxия Республикасы, Прага қаласында өткен ХІ xалықаралық «Magic Stars of Prague» атты байқау-фестивалінде бірінші дәрежелі диплом иеленген «Дала сазы» xалық-аспаптар оркестрі, Грузия мемлекетінде «Тбилиси встречает таланты» атты Балалар мен жастар шығармашылығының V халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпаздары «Самрұқ» би мектебі, Сочи қаласында өткен ІХ халықаралық «Пространство юных» атты тәуелсіз театрлардың байқау-фестивалінің І орын иегерлері «Шаңырақ» студенттік театры, Республикалық, халықаралық түрлі спорттық, мәдени, ғылыми конкурстардың жүлдегерлері мен университеттің белсенді жастары қатысты.

Сонымен қатар, кездесуде Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Әлібек Мәдібеков болды.

Еркін ой алмасу түрінде өткен жиынды университет ректоры Ерлан Сыдықов ашып, жастарға сөз кезегін берді.

Белсенді жастар жыл ішінде жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ректормен бөлісті. Ерлан Бәтташұлына көрсетіп жатқан қолдаулары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта университет атын шығару үшін барлық күш жігерлерін салатындарын жеткізді.

Кездесуге қатысушы тарих факультетінің студенті, Республикалық «Қазақ Аруы – 2018»  байқауының Бас жүлде иегері Нәриба Рахымжан осы байқаудың қиындығы және қызықтарымен бөлісіп, қолдау көрсеткен университет ұжымына алғысын білдірді.

Шығармашылық ұжымдардың мүшелері Ерлан Бәтташұлына өздерінің арнайы шағармашылық бөлмесін ашып беру туралы өтініш білдірді.

Жастармен кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *