Провели встречу по предотвращению религиозного экстремизма на тему «Особенности Ханафитского мазхаба и традиции казахского народа»

Провели встречу по предотвращению религиозного экстремизма на тему «Особенности Ханафитского мазхаба и традиции казахского народа»

16 қараша күні ӘҒФ-нің акт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бірлесе «Ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбындағы діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы кездесу өткізді. Аталмыш іс- шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі, «Хикмет» телерадиостудиясының жетекшісі Ерболат Айтбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, дінтанушы Асылтай Тасболат, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасының доценті, философ.ғ.к. Кеңшілік Тышхан және №2, №6 студенттер үйлерінде тұратын білім алушылар қатысты. Кездесу барысында қонақтар Ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша дәріс оқып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ресми сайттар мен әлеуметтік желілер таныстырылып, экстремизм мен лаңкестіктің қатері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Жиын әлеуметтік қолдау бөлімінің бас маманы, дінтанушы Асылтай Тасболаттың кездесу қонақтарын таныстыру сөзімен ашылды. Кездесу барысында Hikmet.tv телерадио кешенінің директоры Ерболат Айтбайұлы студенттерге діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын түсіндірді. Қазақтың болмысына жат ағымдарға қазірден тосқауыл қойылмаса бірлікке сызат түсіретінін нықтаған ұйымдастырушы тарап жастарды барынша абай болуға шақырды. Осы ретте Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің лекторы, ЕҰУ, «Дінтану» кафедрасы меңгерушісінің м.а. Кеңшілік Тышхан Ханафи мәзһабының маңыздылығына тоқталды. Соңғы уақытта дін саласында, соның ішінде исламтану бойынша отандық теолог ғалымдар тарапынан жақсы ізденістер жасалып, сүбелі еңбектер жарық көре бастағанын айтты. Бұл біздің елімізде жергілікті мамандар тобының қалыптасып келе жатқанын байқатады. Десек те, қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандарының басым көпшілігі ұстанып отырған Ханафи мәзһабы туралы көп айтылғанымен іргелі зерттеулердің аз екенін ескеріп, бұл тақырыпта қанша айтылса да көптік етпейтінін жеткізді.

Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына кезек беріліп, ғұлама ақын Шәкәрімнің өлеңімен түйткілді тақырыптардың түйіні тарқатылды:

Ақылмен таппай, имам жоқ.

Шатақ дән – нәпсі тыйған жоқ.

Ақылы саудың ойына

Алдамшы діндер сыйған жоқ.

16 ноября в актовом зале корпуса ФСН Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева совместно с «Центром исследований религиозных проблем» провели встречу по предотвращению религиозного экстремизма на тему «Особенности Ханафитского мазхаба и традиции казахского народа». На данном мероприятии участвовали: религиозное управление мусульман Казахстана, отдел «Пропаганды и связи с общественностью», руководитель телерадио комплекса «Хикмет» Ерболат Айтбайулы, специалист Отдела социальной поддержки Евразийского национального университета, религиовед Асылтай Тасболат, к. филолофских наук, доцент кафедры религиоведения Кеншилик Тышхан и студенты, проживающие в СД №2, №6. В ходе встречи гости читали лекции об особенностях Ханафитского мазхаба и о путях предотвращения иных религиозных течений. Вместе с тем, были представлены официальные сайты в социальных сетях, видеорилики о вредах экстремизма и терроризма.

Собрание открыл специалист отдела социальной поддержки, религиовед Асылтай Тасболат. В ходе встречи руководитель телерадио комплекса «Хикмет» Ерболат Айтбайулы подчеркнул, что религиозный экстремизм приводит к кровопролитию, причиняет вред человеку на национальной, религиозной, политической или социальной почве, политическая деятельность, направленная в итоге на изменение государственного строя, разрушение государственной целостности, отделение какого-либо народа, нации или группы населения. Он отметил, что, если сегодня не предотвратить распростронение иных религий, это навредит единству казахского народа. В связи с этим, к. филолофских наук, доцент кафедры религиоведения лектор «Центра исследований релилиозных проблем» Кеншилик Тышхан остановился на важности Ханафитского мазхаба. В последнее время с сфере религии, в том числе и со стороны отечественных теологов велись научные исследования по исламоведению, публиковались существенные труды. Это показывает, что наша страна выпускает своих отечественных специалистов. Однако он заявил, что фундаментальных исследований недостаточно и по сей день.

К концу встречи студенты задавали интересующие их вопросы, были раскрыты все темы, касающиеся религии.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *