Мырзагелді Кемел «Елбасы және Тәуелсіздік»

Мырзагелді Кемел «Елбасы және Тәуелсіздік»

Мырзагелді Кемел «Елбасы және Тәуелсіздік»

ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған дәстүрлі «Елдік дәрістер» аясында бүгін Университет кітапханасының Мәжіліс залында экономика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелдің «Елбасы және Тәуелсіздік» атты дәрісі өтті.

Мырзагелді Кемел алғысөзін Қазақстанды қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өркендеу жолындағы, жыл сайынғы өрлеу бағытындағы мемлекетке айналдыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, Қазақстанның кешегі мен бүгіні, ел экономикасы жайында сөз қозғаудан бастады.

«Қазақ елі осы қысқа мерзімге қарамастан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды» — деді Мырзагелді Кемел.

Кездесу барысында Мырзагелді Кемелдің «Ақыл қалта» кітабына қатысты сұрақтар қойылып, басылым мен ғаламтордың айырмашылығы, қоғамға әсері жайында да әңгіме өрбіді.

Сөз соңында профессор бүгінгі күнге тәубе етіп, болашаққа нық қадам басуға қорықпауға, Қазақстанның ең үздік мемлекеттер қатарына қосылуына ықпалдасуға шақырды.

Мырзагельды Кемел «Глава Государства и Независимость»

В преддверии Дня Первого Президента и Дня Независимости в рамках традиционных лекций «Елдік дәрістер» сегодня в зале заседаний библиотеки университета состоялась лекция доктора экономических наук, профессора, общественного деятеля Мырзагельды Кемел «Глава Государства и Независимость».

Предисловие было начато с роли Нурсултана Абишевича Назарбаева в становлении Казахстана как активно развивающей, конкурентоспособной страны, о прошлом и будущем нации, политике и экономике республики.

«За годы независимости в Казахстане сформирован прочный фундамент стабильности, единства и согласия. Инициативы, выдвигаемые Президентом РК Нурсултаном Назарбаевым, сделали Казахстан объектом внимания со стороны глав ведущих государств мира и руководителей международных организаций, нашли поддержку на различных международных диалоговых площадках и форумах. Под руководством Лидера Нации наша республика за относительно короткий промежуток времени добилась значительных успехов. За годы независимости Казахстан совершил стремительный рывок в своем политическом и социально-экономическом развитии» — выразился Мырзагельды Кемел.

В ходе встречи со стороны присутствующих были заданы вопросы касательно книги Мырзагельды Кемел «Ақыл қалта». Соответственно, профессор рассказал о влиянии интернета и книг, о самых читемых изданиях на сегодняшний день.

В завершении общественный деятель призвал студентов идти в ногу со временем, не бояться перемен в дальнейшем развитии Казахстана, радоваться тому, что есть и стремиться к тому, чего нет.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *