Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен ҚР ҰОК арасында Меморандумға қол қойылды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен ҚР ҰОК арасында Меморандумға қол қойылды

Был подписан меморандум между ЕНУ им.Л.Н.Гумилева и НОК РК

16 ноября в аудитории Первого Президента состоялась церемония подписания Меморандума между Евразийским национальным университетом им. Л.Н.Гумилева и Национальным Олимпийским комитетом Республики Казахстан.
Организаторами данного мероприятия являются Национальный Олимпийский комитет РК и ЕНУ им.Л.Н.Гумилева
Основной целью заключения Меморандума является осуществление совместных и согласованных действий и дальнейшее взаимоотношение сторон по пропаганде и популяризации физической культуры и спорта, олимпийского движения и здорового образа жизни населения, приобщение молодежи к духовным и культурным ценностям.
В рамках меморандума предусмотрена консолидация совместных усилий для популяризации физической культуры и спорта, а также развития здорового образа жизни среди молодежи.
В целях исполнения настоящего Меморандума были определены следующие сферы взаимного сотрудничества:
1)Проведение совместных культурно-массовых мероприятий, направленных на пропаганду и популяризациюфизической культуры и спорта, олимпийского движения и достижений спорта,здорового образа жизни;
2)Содействие информированности и уровню знаний по вопросам спорта, олимпийского движения;
3)Организация встреч с известными спортсменами, чемпионами и призерами Олимпийских игр, чемпионами мира и др.
Заседание вступительным словом открыл проректор по социально-культурному развитию Дихан Камзабекулы. А также слово было предоставлено генеральному секретарю Национального Олимпийского Комитета РК Данияру Рустэмовичу Абулгазину.
После официального подписания Меморандура сторонами на сцену были приглашены Олимпийские чемпионы Данияр Елеусинов, Василий Левит и Гюзель Манюрова. Студенты задавали интересующие их вопросы, касающиеся деятельности спортсменов и их личной жизни. Обладателям самых лучших вопросов были лично вручены подарки и автографы гостей, а также возможность сфотографироваться на память с кумирами.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен ҚР ҰОК арасында Меморандумға қол қойылды

16 қараша күні сағ. Тұңғыш Президент аудиториясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанатты рәсімі өтті.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті.
Меморандумды бекітудің негізгі мақсаты – өзара келіскен және біріккен әрекет жасасу және дене шынықтыру мен спорт, олимпиада қозғалысы мен салауатты өмір салтын дәріптеу және насихаттау бойынша тараптардың одан әрі қарым-қатынас орнатуы болып табылады.
Меморандум аясында дене шынықтыру және спортты, сонымен қатар салауатты өмір салтын дәріптеуге арналған біріккен шараларды нығайту қарастырылған.
Меморандумды орындау мақсатында төмендегідей өзара байланыс салалары қарастырылған:
1) дене шынықтыру мен спортты, олимпиадалық қозғалыс пен спорттық жетістіктерді, тұрғындардың салауатты өмір салтын насихаттауға және дәріптеуге бағытталған бірлескен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу;
2) танымал спортшылармен, Олимпиадалық ойындардың чемпиондарымен және жүлдегерлерімен, әлем чемпиондарымен және т.б. кездесулерді ұйымдастыру;
3) спорттық тақырыптар бойынша барынша ақпараттандыру; спорт әлеміндегі өзгерістерден қапы қалмау;
Жиынның алғысөзі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлына берілді. Сонымен қатар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Рүстемұлы Абылғазин аталмыш шараның маңыздылығы жайында сөз қозғады.
Тараптардың Меморандумға ресми қол қою рәсімінен кейін сахнаға Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гюзель Манюрова шақырылды. Студенттер спортшылардың кәсіби, жеке өмірлеріне қатысты өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Ең үздік сұрақ иелеріне қонақтардың тарапынан сыйлықтар мен автографтар таратылып, естелікке суретке түсу мүмкіндігі бұйырды.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *