Жазушы, драматург, аудармашы Өтен Ахметтің  80 жылдығына орай кездесу кеші болып өтті

Жазушы, драматург, аудармашы Өтен Ахметтің 80 жылдығына орай кездесу кеші болып өтті

2018 жылғы 13 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті » Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігімен бірлесіп жазушы, драматург, аудармашы Өтен Ахметтің 80 жылдығына орай кездесу кешін өткізді. Кездесуге Өтен Ахметтің шығармашылығына кұмар ЕҰУ – дің студент жастары мен ағамыздың өнердегі достары қатысты.

Кездесу барысында Өтен Ахмет  ағамыздың «Ғашық жүрек», «Шақшақ шерлі» атты кітаптарының тұсаукері болды.

«Ғашық жүрек» романы бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек, жазушының көркем шығармалары, күнделіктері жайында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Қорғанбек, көркем аудармаларының поэтикасы туралы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырбек Кеменгерлер сөз сөйлеп,талдау жасады.

Кездесуге қатысушы жастар  Өтен Ахмет ағамыздың шығармашылығына байланысты сұрақтарға  тұшымды жауап алып, керемет кештің куәсі болды.

Академик, университет проректоры Дихан Қамзабекұлы Өтен Ахметті құттықтап, сөз сөйлеп, «Күлтегін» медалімен марапаттады.

Кеш мəресіне жеткенде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, оқытушы Жұлдыз Тойбек жазушы жайында ой толғап, кеш қонақтары естелік суретке түсті.     

0

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *