«Еуразия» Вокалды-Инструменталды Ансамблінің «Арайна» атты мерекелік жеке концерті болып өтті

«Еуразия» Вокалды-Инструменталды Ансамблінің «Арайна» атты мерекелік жеке концерті болып өтті

Ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті және «Жігер» мәдени  танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Еуразия Ұлттық университетінің қабырғасында алғаш рет студенттерден құралған «Еуразия» Вокалды-Инструменталды Ансамблінің «Арайна» атты мерекелік жеке концерті болып өтті.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен ауқымды мерекелік кешке университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері және университет ректоры Сыдыков Ерлан Бәтташұлы арнайы қонақ болып қатысты.

Танымал күйші, композитор Айбек Бекбосынның жетекшілігімен жас таланттардан құрылған топты қолдап, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары қонақ болып қатысты.

Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрманның жүргізуімен өткен мерекелік кешті «Еуразия» Вокалды-Инструменталды Ансамблінің сүйемелдеуімен белгілі күйші, композитор Айбек Бекбосын «Адай» күйімен ашып, әнші, актриса Айгүл Иманбаева «Таңғы елес» әнін және танымал әнші Бауыржан Исаев «Аяулым» әнімен өнер көрсетті.

0

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *