Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «МЕНІҢ ЕЛІМ»

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «МЕНІҢ ЕЛІМ»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «МЕНІҢ ЕЛІМ» тарихи өлкетанымдық жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты – студент-жастарды отансүйгіштікке баулу, еліміздің тарихи мұраларын насихаттау.
Жобаның бірінші бөлімі «Қазыналы Оңтүстік» деп аталады. Бағытын айтатын болсақ, университетіміздің студент-жастары 11 қараша күні жолға шығады, сонымен қатар 13 қарашада Қорқыт ата мемлекеттік университетінде, 14-15 қараша аралығы Қ.А.Ясауи халықаралық қазақ-түрік университеті, 15-17 қараша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және 18 қараша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде болу жоспарланған. Шара барысында университетіміздің белсенді (оңтүстік өңірде бұрын болмаған) студенттері «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында баяндама жасап, дөңгелек үстелдер өткізіп, сол өңірлердегі тарихи жерлермен танысатын болады.

В рамках реализации статьи Главы Государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева запускает историко-краеведвечкий проект под названием «МЕНІҢ ЕЛІМ».
Цель данного проекта – воспитание в студентах любовь к государству, пропаганда исторических наследий нашей страны.
Первая часть проекта называется «Қазыналы Оңтүстік». Студентами планируется выезд в путь 11 ноября, а 13 ноября посещение Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата, 14-15 ноября Международного казахско-турецкого университета им. А.Яссави, в планах на 15-17 ноября – Южно-казахстанский государственный университет им. М.О.Ауэзова, 18 ноября студенты посетят Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати. В ходе мероприятий активные студенты нашего ВУЗа (ранее не бывавшие в южных регионах) будут читать доклады, проводить круглые столы, ознакамливаться с историческими местами.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *