Дәстүрлі «Ер Жігіт – 2018» байқауы өтті

Дәстүрлі «Ер Жігіт – 2018» байқауы өтті

2018 жылы 3 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен 7 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі «Ер Жігіт – 2018» байқауы өтті.

 

Іс-шараны университет ректоры Ерлан Сыдықов өзінің құттықтау сөзімен ашып беріп, сайысқа түсіп жатқан сайдың тасындай іріктелген қатысушы жігіттерге сәттілік тіледі.

Байқаудың мақсаты – ұлттық қазына, рухани байлық,салт – дәстүрді сақтап, одан әрі дамытатын жас жеткіншектердің өнерін дәріптеумен қатар, олардың ұлттық намысын жігерлендіріп, жаңа биіктерге талпындыру. Халқымыздың әдеп-ғұрпын, ұлттық ойындарын сүйетін «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттеріміздің өнерін елге танытып, өнегі тұту.

Жігіттерге әділ бағасын берер қазылар алқасының төрағасы айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, қазылар арқасының құрамында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, ҚР Президеттік оркестрінің солисі, эстрада әншісі Оралхан Алтынбек, тележурналист Нұрсұлтан Құрман, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының директоры және «Ер Жігіт – 2012» байқауының жеңімпазы Болысбек Мұхамеджан болды.

Сұңғақ бойлы, терең ойлы, өткір сөзді, жуан білекті, қапсағай денелі ұлдардың тартысты байқауында «Атадан өсиет» деп алғашқы кезеңінде әрбір қатысушыөзі үлгі тұтар, ел үшін аянбай тер төккен азаматтырды, яғни, ұлы тұлғалардың кейпін сомдай отырып таныстырды.

Байқаудың екінші кезеңі «Шабыт шарайнасы» болды. Бұл кезеңде әр жігіт өз бойындағы өнерлерін ортаға салып, «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» деген мақалдың дұрыстығын дәлелдеді.

«Қанекей, тілім, сөйлеші» деп аталатын үшінші кезең сұрақ жауаптан тұрды. Жігіттерімізге әділ қазы алқалары әр түрлі бағыттағы сұрақтар қойып, жігіттердің білімін тексерді. Сыннан сүрінбей өткен жігіттеріміз мұқалмай, барлық сауалдарға толыққанды жауап берді.

Байқаудың көркін келтірген келесі кезең «Күш атасын танымас» деп аталды. Бұл бөлімде жігіттеріміз білек күштерімен сынасты. Бұл кезеңде жігіттеріміз 24 кг гір тасын қиналмай көтеріп, намысты қолдан жібермеді.

Сайдың тасындай тізілген, тоғыз жігіт бақ сынаған байқауда жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан «Ер Жігіт – 2018» Бас жүлдесін жеңіп алған Механика-математика факультетінің студенті Алайдар Рамазан болды. І орынды Физика-теxникалық факультетінің студенті Нұрғалиев Азамат, ІІ орынды Физика-техникалық факультетінің студенті Слямов Ерасыл, ал ІІІ орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Мүбәракұлы Абдуллаһ иеленді.

Сонымен қатар «Көрермен көз айымы» номинациясы бойынша Экономика факультетінің студенті Жадігеров Бауыржан, «Өнерлі жігіт» номинациясы бойынша Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті

0

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *