«Деструктивті ұйымдарға қарсы тұру әдістері» тақырыбында кездесу болып өтті.

«Деструктивті ұйымдарға қарсы тұру әдістері» тақырыбында кездесу болып өтті.

ЕҰУ № 5 студенттер үйінде Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен «Деструктивті ұйымдарға қарсы тұру әдістері» тақырыбында кездесу болып өтті.
Іс-шараға дін саласының мамандары мен жастар саясатын үйлестіруші ұйымдардың жетекшілері қатысты. Кездесуде Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Ақұлан Өсерұлы жастарды бірлік пен жасампаздыққа шақырып, күмәнді бағыттағы діни топтардың ықпалына түспеу амалдарын айтты. Осы ретте Hikmet.tv телерадио кешенінің директоры Ерболат Айтбайұлы ҚМДБ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сараптамасымен ақпарат тарататын ресми сайттарды таныстырып өтті. Дінді көлденең көк аттыдан емес, дәстүрлі Ислам негіздерінен сусындаған, белді Ислам университеттерінде білім алған кәсіби дін мамандарынан үйренген дұрыс деді. Сайттармен қатар жастар сенімді дерек көздерінен сусындасын деген мақсатта смартфондарға арналған қосымшаларды да арнайы жасап шыққандарын жеткізді. Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының эксперті, исламтанушы Шерзод Аббозович Пулатов – ЕҰУ студенттеріне таныс есім. Бұған дейін де университетіміздегі іс-шараларға белсенді атсалысып келеді. Лектордың бұл жолғы әңгімесі салафилік бағыттағы шейхтардың Ислам негіздерін қалай бұрмалайтындықтары жайлы болды. Студенттермен сұрақ-жауап түрінде өрбіген сұхбаты салафи бағыттағы ағымдардың діни құндылықтарды қалайша құбыжық мақсаттарға бұрмалап, теріс пиғылға пайдаланатындарын көрсетіп берді. «Капкан» атты діни экстремизм бабымен сотталғандардың жат діндердің ықпалына қалай түскендері жайлы баяндайтын бейнефильмді студенттерге көрсетіп, жастарға жат ағымдарды айыра білудің жолдарын үйретті. Студенттерге діни мәселерге қатысты Call-орталғының номірлері жазылған брошюралар таратты. «Нұр Астана» мешітінің Ислам орталығы, діни сауат ашу курсының ұстазы, исламтанушы Сыдық Батайұлы Матуриди сенім мектебі мен Ханафи мәзхабының ерекшеліктері жайлы әңгімеледі. «Діни толеранттылық пен қоғамдық тұрақтылық — Исламдағы басты құндылық. Жихад деп қоғамды бүлікке бастаған топтардың әрекеті — дінге қайшы. Исламда ең үлкен жихад (күрес) — өз нәпсіңмен күрес, өз бойыңдағы жаман қылықтармен күресу», — деп ойын қорытындылады. ЕҰУ Ректорының сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі Ғазиз Досмұхамбетұлы кездесу қонақтарына рахметін айтып, жастарға пайдалы, еліміздің тұрақтылығы үшін маңызды осындай кездесулерді ұйымдастыруға университет басшылығы әрқашан да дайын екенін жеткізді. Әлеуметтік қолдау бөлімінің бас маманы, дінтанушы Асылтай Тасболат кездесуді қорытындылап, осындай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Кездесудің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қонақтар мен педагог-ұйымдастырушыларға, белсенді студенттерге, студенттік кеңес басшыларына алғысын жеткізді.


В студенческом доме №5 Департаментом по социальному и гражданскому развитию было проведена встреча на тему «Методы противодействия деятельности деструктивных религиозных организаций».

На мероприятии присутствовали специалисты религиозной сферы и руководители молодежных координаторских организаций. На встрече главный специалист управления молодежной политики Акулан Осерулы призывал молодежь к единству и созидательности, не попадать под влияние сомнительных религиозных групп. В связи с этим, директор телерадиокомплекса Hikmet.tv ознакомил гостей официальными сайтами, передающими информацию по экспертизе ДУМК и Министерства по делам религий и гражданского общества. Он отметил, что религию нужно изучать у образованных, получивших знание в лучших Исламских университетах лиц. А также, присутствующих осведомили о том, что были запущены специальные приложения для смартфонов с целью брать информацию только с правильных источников. Эксперт объединения центров исследований религий, исламовед Шерзод Аббозович Пулатов – знакомое имя студентам ЕНУ. Он так же ранее участвовал на мероприятиях, проводимых в нашем университете. На этот раз лектор вел разговор о том, как шейхи салафийского направления искажают основы Ислама. Интервью в виде вопросов-ответов показало, как религиозные течения салафийского направления используют религию для недобрых целей. Был показан фильм под названием «Капкан» о том, как осужденные-религиозные экстремисты были привлечены к чужим религиям, студентов учили тому, как не попасть в такие ловушки, а также им раздавали брошюры с номерами Call-центров о религиозных проблемах. Преподаватель курса религиозного просветления центра Ислама мечети «Нур Астана», исламовед Сыдык Баттайулы Матуриди вел беседу об оcобенностях школы доверия и ханафитского мазхаба. По его словам, религиозная толерантность и социальная стабильность – это главные ценности в Исламе. «Деятельность групп, прикрывающихся под джихадом и тем самым призывающих окружающих к бунту является незаконной и противоречащей религии. В Исламе самый большой джихад (борьба) – это борьба с вожделением и плохими качествами» — заявил С.Матуриди. Советник ректора по внешним связям ЕНУ им. Л.Н.Гумилева Газиз Досмухамбетулы выразил благодарность гостям заседания и довел до сведения, что руководство университета всегда готово и радо провести подобные встречи, полезные для молодежи. Главный специалист отдела социальной поддержки, религиовед Асылтай Тасболат подвел итоги встречи и остановился на важности таких мероприятий. Выразил благодарность принимавшим участие в организации, педагогам, студентам-активистам и руководству студенческого совета.

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *