Айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановпен кездесу

Айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановпен кездесу

2018 жылдың 16 мамырында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановпен кездесу кеші өтті.

Кеш Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлының құттықтау сөзімен басталды. Еркін форматта өткен кездесуді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Кеште Баянғали Әлімжановты көрермен әр қырынан тани алды. Ақынның шешендігі, ақындығы, жыршылығы тамсандырмай қоймады. Манас жырын алғаш естіген студенттердің әсерленгені жанарынан, ұйып тыңдағанын-ақ байқалды.

Кеш барысында төл өнеріміз айтыстың тағдыры, елдегі саясат, кино саласы, әдебиет әлемі талқыланды.  Ақынның тұшымды әңгімесінен көрерменнің алғанәсері ерекше болды. Оған дәлел, үш сағаттың қалай өткенін сезбей қалған қауымның  ағамыздың қолтаңбасын алуы, естелік суретке түсіп, ақынды орталарынан ұзақ жібермей қойғаны. Дүйім жұрт өзі де, сөзі де әдемі, ұрпаққа айтары бар адаммен дидарласса,  тыңдауға барын көрсеткен керемет көрініс болды.

Үлкенге де, кішіге де үлгі Алаштың Алатаулары аман болсын!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *